Соққыдан кейін баланың оң жамбасында гематома пайда болған.
Атырау облысындағы жекеменшік балабақшада бес жасар баланы ұрған тәрбиешіге айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық сот.
Соққыдан кейін баланың оң жамбасында гематома пайда болды.
Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Өз кезегінде олар тәрбиешіге жеңілдеу жаза тағайындауды сұрады, сот тәрбиешіні қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны және кәмелетке толмаған балаға қатыгездікпен қарағаны үшін кінәлі деп тапты. Нәтижесінде 80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ бір жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.