Қарағанды облысында мүгедектігі бар жандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолжетімді орта жасау мақсатында 1080 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толығымен бейімделген.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылуда: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасындағы 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы.
«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыстарды қарастырады. Жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделуге жатады. Мәселен, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі таңда республика бойынша 22 777 нысан толығымен бейімделген.
2024 жылдың соңына дейін Қарағанды облысында 691 нысанда бейімдеу жұмыстары жоспарланса, 1080 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, облыстағы 1080 нысанның ішінде келесілер барлық санаттағы мүгедектігі бар жандарға қолжетімді:
— денсаулық сақтау нысандары – 129;
— білім беру нысандары – 279;
— мәдени нысандар – 191;
— сауда және қызмет көрсету нысандары – 124;
— мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 229;
— спорт нысандары – 31;
— көлік инфрақұрылымының объектілері – 10;
— әлеуметтік қорғау объектілері – 9;
— басқалары — 78.
«Мысал ретінде Қарағандыдағы Бұқар жырау даңғылының бойындағы «Шахтёр» стадионынан теміржол вокзалына дейінгі тротуарды келтіргім келеді. Тегіс төселген жаңа тротуарлар және қауіпсіз еңіс бұрышы бар беткейлер бар. Соның арқасында Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайына, Қарағандының орталық саябағына, Кеншілер мәдениет сарайына, City Mall сауда орталығына және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарға аман-есен келе аламын. Сондай-ақ, көптеген автобустар пандустармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы, Қарағандыда мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде деп айта аламын және оның жақсара түсетініне сенемін», — деп бөлісті бірінші топтағы мүгедектігі бар Найман Жақсыгорин.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т.б. салалардағы мемлекеттік бақылау аясында 134 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 45-39 бақылау іс-шарасы аясында прокуратураның сұрауы.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 68 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 11,8 миллион теңгеден астам 67 әкімшілік айыппұл салынды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.