Now Reading
2024 жылы 250-ге жуық адам саудасының құрбандары арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және жұмысқа орналастыру секілді қолдауларға ие болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылы 250-ге жуық адам саудасының құрбандары арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және жұмысқа орналастыру секілді қолдауларға ие болды

2024 жылы 250-ге жуық адам саудасының құрбандары арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және жұмысқа орналастыру секілді қолдауларға ие болды

2024 жылы 250-ге жуық адам саудасының құрбандары арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және жұмысқа орналастыру секілді қолдауларға ие болды

2024 жылы Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен (АӘҚ) қамтылды, ал олардың 32-сі жұмысқа орналастырылды.

Елімізде 2024-2026 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.  Ол 55 тармақтан тұрады, олардың орындалуына бірқатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар жауапты болып айқындалған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп адам саудасының құрбандарын әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыруда.

Әлеуметтік кодекске сәйкес адам саудасының құрбандарына әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі 6 айды құрайды, қылмыстық іс аяқталмаған немесе медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда 9 айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

2025 жылғы 1 қаңтарға елімізде адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік секторда (Абай обл., Шымкент қ.) – 2, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде – 11 (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан (2) облыстары, Астана қ.).

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 2024 жылы 247 адам саудасының  құрбанына көмек көрсетілді, олардың ішінде 114-і адам шетел азаматтары.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша адам саудасының құрбаны болған адамдардың ішінен 32 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 4-і шетел азаматтары.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету кәсіпкерлік бастаманы қолдауды («Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқыту, халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК дейін гранттар беру), жұмыс орындарын субсидиялауды («Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары және т. б.), қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды (жұмыс берушілерде жұмыс орнында оқыту, оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту және онлайн оқыту) қамтитын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмыспен қамту органдары арқылы бос орындарға жұмысқа орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шаралары өтініш сипатында екенін атап өткен жөн. Оларды алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына хабарласу қажет. Бұл жағдайда зорлық-зомбылық немесе адам саудасының құрбаны мәртебесін көрсету талап етілмейді. Барлық қызметтер құпиялылық негізінде және мән-жайларды қосымша нақтылаусыз ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...