Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтауында халықтың тұрақты құндылықтарын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл халқымыздың рухани өміріндегі ерекше уақыт.
Оразды ораза ұстаған күндері шыдамдылық пен қарапайымдылық, жанашырлық пен мейірімділік сияқты тұрақты құндылықтар бірінші орынға шығады. Адамдар мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылықпен айналысады. Мұның бәрі исламның гуманистік мұраттарынан туындайды.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр бір-бірін толықтырып, ізгілік пен жасампаздыққа үндейтін, бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.
Биылғы жылы Рамазан айының басталуы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді. Мазмұны терең, мағынасы жарасымды бұл мерекелер халқымыздың бірлігін нығайтуға септігін тигізеді.
Баршаңызға денсаулық пен амандық тілеймін!
Жарқын ойларыңыз бен тілектеріңіз орындалсын!
Еске салайық, биылғы оразаның бірінші күні наурыздың 1-іне сәйкес келеді.