Астанада «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелерін қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Шара барысында 2030 жылға дейінгі инклюзивті тұжырымдаманың негізгі аспектілері, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мәдениет мекемелерінің қолжетімділігі, сондай-ақ оларды қолдау үшін салалық волонтерлік қызметті дамыту мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қолжетімділік, қоғамның қатысуы, мемлекеттік марапаттар мен заңнамалық нормаларды шектен тыс реттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.
Осы заң аясында мүгедектігі бар жандардың мүдделерін есепке алу ақпаратқа қолжетімділік саласындағы заңнаманың негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілді; әдебиеттерді, оның ішінде Брайль қарпімен баспа өнімдерін басып шығару шаралары белгіленді, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін интернет-ресурстарды бейімдеу қамтамасыз етілді; Ақпараттық стендтерге еркін қол жеткізу талаптары, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету әдістері белгіленді.