Now Reading
Елбасы қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елбасы қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Елбасының айтуынша, 8 наурыз – сұлулық пен нәзіктікті паш ететін мереке. Бұл қасиеттердің барлығы адамзаттың әдемі жартысына тән.

«Сүйікті қыз-келіншектер өздерінің сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен әлемді мейірімге бөлейді. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей, әйел – ошақтың ғана емес, ұлттың ұйытқысы. Ана біздің әрқайсымызға өмір сыйлайды, шексіз берекенің көзі болып табылады. Аналардың аялы алақаны мен шексіз махаббаты әрбір үйді жылытады. Аналарымыз ұлттық дәстүр мен ана тіліміздің сақталуына ерекше үлес қосады» — деп құттықтады аналарымызды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Қазақстан тарихындағы әйелдердің ерекше рөлін еске салды. Ол ел билеушілері Томирис пен Бопай ханымды, аты аңызға айналған аналар Домалақ ана, Зере, Ұлпан, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановаларды еске алды.

«Біздің әйелдер бойларына ақыл-ой мен сұлулық, даналық пен көрегенділікті үйлестірген. Әрине, бүкіл ұлттың болашағы жас ұрпақтың қандай болатынына тікелей байланысты. Бүгінде Сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер. Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...