Емханада дәрігерге жазылу болмаса не істеу керек және дәрі-дәрмектерді қалай тегін алуға болады?
Медициналық сақтандыру қоры тарапынан осы мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтарға алдағы 15 жұмыс күнінде емханаға жазылу болмаса не істеу керектігін және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты.
«Егер көрсетілген мерзімде емханада дәрігерге жазылуға мүмүкіндік болмаса, науқас қажет болған жағдайда бақылау үшін басқа емханаға жіберілуі мүмкін. Егер күту мерзімі асып кетсе және науқас басқа дәрігерге/емханаға жіберілмесе, ол немесе оның туыстары емделушілерді қолдау қызметіне және ішкі тексеруге хабарласа алады», — деп кеңес берді қор фильтр кабинеттерге жазылу қажет емес екенін еске сала отырып.
Дәрілік заттар тегін берілетін аурулардың тізбесі Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі. Дәрі-дәрмек алу үшін емханаға барып, тексерулерден өтіп, диагноз қойып, диспансерлік есепте тұру керек.
«Науқас учаскелік дәрігердің немесе маманның бақылауында болады, олар тегін дәрі-дәрмек алуға рецепт жазып береді. Бұл рецепт бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін емделушіге емханадағы дәріханада дәрі беріледі», — деп хабарлады қордағылар.
Егер тағайындалған дәрілер жоқ болса, СК-Фармация байланыс орталығына 1439 телефоны арқылы хабарласу керек. Сондай-ақ қордың өзіне Qoldau 24/7 қолданбасы, Telegram-дағы @SaqtandyryBot, ресми сайты және eOtinish арқылы хабарласуға болады.
0