Now Reading
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 97 мың адам қолдау шараларымен қамтылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 97 мың адам қолдау шараларымен қамтылды

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 97 мың адам қолдау шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 97 мың қазақстандық қамтылды. 101,2 мың адам жұмысқа орналасса, оның 30,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 71 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 5,3 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына; жастар тәжірибесіне – 3,2 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 56,4 мың; «Күміс ғасыр» жобалары аясында – 6,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» – 41 адам.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытумен 18,8 мың жұмыссыз қамтылды, олардың 17,6 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,8 мың адам қамтылса, оның 3,7 мыңы оны аяқтап, сертификат алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқуға 49 адам жіберілді.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 63,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Сонымен қатар 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру жоспарлануда.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...