Now Reading
Қазақстанда инватаксиді агрегаторлар арқылы сынақтан өткізеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда инватаксиді агрегаторлар арқылы сынақтан өткізеді

Қазақстанда инватаксиді агрегаторлар арқылы сынақтан өткізеді

Мүгедектігі бар адамдар 2025 жылдың басынан бастап агрегаторлар арқылы инватакси қызметтерін 91 мыңнан астам рет пайдаланды.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға такси агрегаторларын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде осы қызмет 2025 жылдың басынан бастап Алматы қаласында 92 мың рет алынды. Еске салайық, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар жандар такси қызметін 207,2 мың рет пайдаланған.

 

Бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, мүгедектігі бар жандарға арналған такси қызметін көрсетудің сапасы мен жылдамдығын арттыру мақсатында оның тетігін өзгерту туралы шешім қабылдады, өйткені қолданыстағы нормативтік құжаттарда бірқатар шарттар бар. Мысалы, азаматтар қызметті алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылуы қажет, бұл оларды сапарларын алдын ала жоспарлауға, мүгедектігі бар жандарға арналған таксидің келуін күту керек, сонымен қатар көлік тапшылығы мәселесі және т.б.

 

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметке қатысуға тиісті сұранысты алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталды.

 

Маңызды шарт әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын сапарларға ақы төлеудің пайызының болмауы болды. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

 

Пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында жеңіл автокөліктерге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс күйін қадағалауға және аяқталған сапарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше тілектер туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке орналастыруға және одан шығуға көмектесу сияқтц арнайы нұсқаулар алады.

 

Ағымдағы жылы жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру жалғасуда, оған Астана және Алматы қалаларының мүгедектігі бар адамдардың фокус-топтары қатысуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...