Now Reading
Елорданың Есіл ауданында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елорданың Есіл ауданында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті

Елорданың Есіл ауданында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті

Елордада Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған кезекті жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Жәрмеңке жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Есіл ауданы әкімінің аппараты және Астана әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.

 

Оған 40-тан астам жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 1 300 бос жұмыс орнын ұсынды.

 

«Бұл біздің азаматтарға өз мамандығы бойынша лайықты жұмыс таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда құрылыс, өндіріс, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары және басқа да бағыттар бойынша бос орындар қарастырылуда. Бұл жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін ең өзекті жұмыс орындары туралы білуге мүмкіндік беретін тиімді кездесу алаңы. Қатысушылар түрлі саладағы компаниялардың өкілдерімен әңгімелесуден өтіп, еңбек нарығының соңғы үрдістерімен таныса алады», — деді Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Назгүл Ахметова.

 

«Салауатты Астана» ЖШС Адам ресурстары басқармасының аға маманы Бота Биболованың айтуынша, компания білікті әлеуетті қызметкерлерді табуға болатын осындай іс-шараларды өткізіп алмауға тырысады.

 

«Біздің емханаға дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер қажет. Бүгінгі таңда дәрігерлер үшін 8-10 бос жұмыс орны ашылды, әсіресе аясы тар мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Медбикелер үшін шамамен бірдей жұмыс орындары бар. Біз жәрмеңкеге соңғы рет күзде қатыстық, қайта қатысу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысамыз. Біз үшін үміткерлердің өз мамандықтарына сәйкес келуі және клиникалық тәжірибеге қатысуы маңызды. Бұл – науқастармен жұмыс істеу құқығын растайтын міндетті сертификат. Жасы бойынша үміткерлерге ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы – кәсібилігі және қажетті құжаттарының болуы. Өткен жәрмеңкеде бізге 4 маман жұмысқа орналасты және олар бүгінгі күнге дейін бізбен табысты жұмыс істеуде», – деді ол.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...