Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығымен жоғары санатты спортшылармен, жаттықтырушылармен және жоғары санатты спортшыларды дайындайтын мамандармен спорттық іс-шаралар өткізуге арналған шарттар бойынша ақшалай төлемдерге өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, жоғары санатты спортшыларды дайындайтын дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушылармен және мамандармен жасалған шарттар бойынша төлемдерге мыналар қосылды:
Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда медаль алуға үміткер спортшыларды дайындайтын жаттықтырушылар мен кеңесшілер. Оларға 800-ден 5000 долларға дейін төленеді.
Бұйрық 2025 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.