Now Reading
Қостанайда ерекше балаларға арналған орталықта тәрбиеші баланы үтікпен күйдірген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанайда ерекше балаларға арналған орталықта тәрбиеші баланы үтікпен күйдірген

Қостанайда ерекше балаларға арналған орталықта тәрбиеші баланы үтікпен күйдірген

Қостанайдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығында тәрбиеші кішкентай тәрбиеленішіні үтікпен күйдірген. Белгілі болғандай, мекеме қабырғасындағы оқиға бір ай бұрын, 17 наурызда болған. Бұл мекемеде ауыр диагнозы бар балалар тәулік бойы қалдырылады. Тек күндізгі күтімге ғана келетін оқушылар да бар. «Қостанай жаңалықтары» ақпараттық сайты жазғандай, орталық директоры полицияға арыз түсірген. Оқиғадан кейін 2008 жылы туған қызды ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Осы оқиғадан кейін орталыққа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова келіп, директормен және басқа да қызметкерлермен әңгімелесті. «Тәрбиеленушінің үтікпен күйіп қалу фактісі орнатылған бейнекамераларды қарау арқылы дәлелденіп отыр. Алайда ешқандай соққы жасалғаны немесе күйдіріп жатқаны байқалмаған, бірақ тәрбиеші балалар жатқан бөлмеде қолына үтік ұстап жүргені анық көрінген. Баланың иығындағы күйікті осы орталықтың медицина қызметкері анықтап, ақпаратты дереу басшылыққа жеткізген. Орталық директоры дереу полиция шақырып, шағым жазған. Бұл фактіні Басенова хабарлады. Тәрбиеші орталық басшылығына өзінің бұл әрекетін үйінде отбасылық қиындықтарының бар екенін, осыған байланысты эмоциясын жеңе алмағанын айтып түсіндірген. Уәкілетті өкіл келген кезде тәрбиеші жұмыстан шеттетілген және жұмыстан шығу туралы бұйрықпен таныстырылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×