Now Reading
Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесі талқыланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесі талқыланды

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесі талқыланды

Елорданың «Жанұя» орталығында «Өзгерістерге қарай: отбасын қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл» атты семинар-тренинг өтті. Талқылау тақырыбы мүгедектігі бар балаларды қолдауға қатысты заң жобасына енгізілген соңғы өзгерістер жайлы болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Іс-шараны Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

Семинарға азаматтық сектор өкілдері, елорда тұрғындарының бастамашыл топтары, ерекше балалардың ата-аналары, мүгедектігі бар ересектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков қатысты.

 

Қоғам мен заң шығарушы билік өкілдері арасында сындарлы диалог орнату, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кездесу ұйымдастырдық.

 

«Аутизм, ақыл-ой кемістігі, даун синдромы сияқты диагнозы бар адамдар өз бетінше жұмыс істей алмайды, мұндай балалардың ата-аналары өмір бойы олармен бірге жүруге мәжбүр, бұл мәселеде мемлекет тарапынан қолдау көрсету өте маңызды», — деп атап өтті Ботагөз Сұлтанова.

 

Сонымен қатар, іс-шара онлайн режимде көрсетіліп, оған Қазақстанның әр өңірінен белсенділер мен отбасылар қатысты.

 

Кездесу соңында ата-аналар депутатқа сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерге қатысты жауап алды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...