СҚО-ның саңырау бишілер театры Қытайда үш Гран-при жеңіп алды
«Qyzyljar Creative centre» шығармашылық орталығының «Сенситив» ұжымы Қытайда үш мәрте Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысы «Qyzyljar» шығармашылық орталығының «Sensitive» саңырау бишілер театрын Қытайда өткен «Тяньцзинь шілтері 2025» 2-ші халықаралық байқауы мен фестивалінде үш Гран-при жеңіп алды.
Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария, Ресей Федерациясы және басқа елдерден 700-ден астам өнерпаз қатысты. Қазақстандық топ «Халық стильдендірілген би», «Заманауи хореография» және «Түпнұсқа жанр» сияқты номинациялар бойынша үздік деп танылды.
Айта кетейік, Сенситив саңырау бишілер театры 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2024 жылы ұжым облыстық шығармашылық хабтың резиденті атанды және шығармашылық секторда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасау үшін жұмыс жасауда.