Now Reading
Астанада VII параспартакиада өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада VII параспартакиада өтеді

Астанада VII параспартакиада өтеді

Астанада VII параспартакиада өтеді

Елорда төрінде 30 мамыр мен 12 маусым аралығында тірек-қимыл аппараты, көру мүшесі зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Параспартакиадасы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жалпы спартакиада 17 спорт түрінен өтеді. Оның ішінде 7 спорт түрінен жарыстар елордада ұйымдастырылады.

Атап айтқанда: волейболды отырып ойнау, паратаэквондо, парадзюдо, бочча, параби, пара садақ ату және паракаратэ. Биылғы Спартакиадаға еліміздің 19 өңірі мен қалаларынан 2000-ға жуық спортшы қатысады.

Ерекше атап өтерлігі, 2025 жылы алғаш рет зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар да жарысқа қатысады. Олар жүзу, жеңіл атлетика және үстел теннисі бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

«Астана қаласы VII Параспартакиаданың негізгі ұйымдастырушы әрі қабылдаушы өңірі ретінде жарыстың басым бөлігін өз алаңдарында өткізеді. Ал қалған жарыстар 30 мамыр мен 30 маусым аралығында Ақмола, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылады. Елордадан 189 спортшы қатысып, қаламыздың намысын қорғайды. Олардың қатарында елімізге танымал бірқатар спортшы бар. Атап айтсақ, парадзюдодан – Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдәулетов, пара жүзуден – Сиязбек Далиев пен Али Тұрғанбек, пара оқ атудан – Севда Алиева, ал жеңіл атлетикадан – Айсұлу Сүлейменова бар», – дейді Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тағаев.

Спартакиаданың салтанатты ашылуы 4 маусым күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. Ал жабылу салтанаты 30 маусым күні Өскемен қаласында өтіп, спартакиада жеңімпаздары анықталады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×