Now Reading
Астанада үздік әлеуметтік жоба таңдалды. Ол балалардың өмірін қалай өзгертеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада үздік әлеуметтік жоба таңдалды. Ол балалардың өмірін қалай өзгертеді

Астанада үздік әлеуметтік жоба таңдалды. Ол балалардың өмірін қалай өзгертеді

Астанада 2024-2025 жылғы баскетбол маусымының үздік спортшылары, бапкерлері мен жанкүйерлері QBF AWARDS 2025 салтанатты рәсімінде марапаттарға ие болды. «Үздік әлеуметтік жоба» сыйлығы Halyk Bank қолдауымен ұйымдастырылған «Халық лигасына» берілді. Жоба 2005 жылдан бері банктің демеушілігімен жүзеге асырылып келеді және осы уақыт ішінде балалар үйлері мен интернаттардағы 4000-нан астам балаға көмек көрсетті.

«Жыл сайын Halyk Bank Баскетбол федерациясымен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өмірде өз жолдарын табуға көмектеседі. Еліміздің әр өңіріндегі 18 балалар үйінде баскетбол командалары құрылды. Біздің демеушілігімізбен олар толықтай құрал-жабдықтар – форма, спорттық аяқ киім, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылар сабақ жүргізеді», — деді Halyk Bank филиалының директоры Жанар Рахымова.

Жоба барысында 4000-нан астам бала баскетбол ойнауды үйренді. Жоба үш спорт шеберін, 60-тан астам шеберлікке үміткерлерді тәрбиеледі.

«Жүздеген балалар спортты мамандық ретінде таңдады. Біреулер жаттықтырушы, біреулер төреші, енді біреулер ойыншы болды. Ал кейбіреулер өзіне сенімді болып, өмірден өз орындарын тапты. Биыл Халық лигасына 18-ші балалар үйі қосылды. Қазір бізде 18 ерлер мен тоғыз әйелдер командасы құрылды. Өткен жылы 16 ерлер мен сегіз әйелдер командасы болды. Жыл сайын үйлер мен қатысушылар саны артып келеді», — деді Жанар Рахимова.

Жеңімпаздарды Ұлттық және Жоғарғы лига клубтарының ойыншылары мен жаттықтырушылары, өңірлік федерациялардың басшылары, Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері марапаттады. Жүлделер кәсіпқой, жастар, әуесқойлар, 3х3 және инклюзивті баскетболды қамтитын 25 номинация бойынша берілді.

2025 жылы Halyk Bank қолдауының арқасында Атырау, Талдықорған, ШҚО, Түркістан облысы, Петропавл, Павлодар, Семей, Ақкөл, Екібастұз, Қарағанды, Алматы, Рудный, Қызылорда, Шымкент, Орал, Тараз және Жезқазған қалаларындағы балалар үйлері мен интернаттарынан 400-ден астам бала баскетбол ойнайды.

«Halyk бұл әлеуметтік жобаға үлкен көңіл бөледі, өйткені біз спорт тек физикалық дамуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жобаға қатысушылардың мінезін, сенімділігін қалыптастырады және жақсы болашаққа ықпал етеді деп есептейміз», — деді жоба кураторы Ольга Вурос.

«Халық лигасы» жыл сайын Үміт кубогы чемпионатын өткізеді, онда қатысушылар жаттығу кезінде білгендерінің барлығын көрсетеді. Үміт кубогына биыл еліміздің 18 облысынан 320-дан астам ойыншы келеді. Өткен жылы 16 аймақ – 288 қатысушы болды. Чемпионат Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

QBF AWARDS рәсімін ұйымдастырушылар атап өткендей, Қазақстанда баскетбол жай спорт ғана емес. Бұл мінезді қалыптастыратын, ұрпақтарды біріктіретін және аймақтар, мәдениеттер, тіпті елдер арасында көпір жасайтын қозғалыс. Бұл үлкен армандары бар жастар мен өздерін жүзеге асырып жүрген кәсіпқойлардың халықаралық аренада елді танытатын алаң.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×