Алматыда мемлекеттік қызметкер церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды пайдаланып ақша таппақ болды
Алматының Жетісу аудандық соты қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы сотталды
Әйел «Суberpro-com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен «ДЦП» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге келісім жасауға көмектесемін деген желеумен 3,6 миллион теңге көлемінде ақша жымқырмақ болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталған әйел мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен бірге 27 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
0