Now Reading
Бала тууына байланысты жәрдемақы: қазақстандықтарға 370 млрд теңгеден астам төленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бала тууына байланысты жәрдемақы: қазақстандықтарға 370 млрд теңгеден астам төленді

Бала тууына байланысты жәрдемақы: қазақстандықтарға 370 млрд теңгеден астам төленді

Жыл басынан бері 333,6 мың адам мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанға дейін туу және оның күтімі бойынша жалпы сомасы 371,6 млрд. теңгеге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚК) қамтылды, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен бала тууына байланысты 26,2 млрд теңге сомасында 145 мың адам, оның ішінде мамырда 28 мың адам 5,1 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды. Бұл жәрдемақыға Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтар, сондай-ақ балаларды дүниеге әкелген, асырап алған немесе қорғаншылыққа алған шетелдіктер өтініш бере алады. Тірі туған, асырап алынған немесе тәрбиеленушілері немесе өгей балалары бар адамдар (отбасылар), егер олар басқа ата-анасының отбасында тіркелмеген болса, баланы күтетін адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын жағдайларда бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқылы. Есепті кезеңде бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 123,6 мың адам 18 млрд теңге, оның ішінде мамырда 124,9 мың адам 3,6 млрд теңге сомасында алған. Баланың тууы мен күтiмi бойынша төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiшке (бұдан әрi — АЕК) қарай белгiленедi. 2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі 6,5%-ға индекстелді. Осы жылы бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері: • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге; • төртінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге. Бала 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді: • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге; • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге; • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге; • төртінші және одан кейінгі балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге. Сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күндері үшін әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққанға дейінгі соңғы 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыз күндер санына байланысты. Жыл басынан бері бұл біржолғы төлемді 100,3 мың адам жалпы сомасы 144,4 млрд теңгеге, оның ішінде мамырда 22,6 мың адам 27 млрд теңгеге алған. Тағайындалған төлемнің орташа сомасы 5 ай ішінде 1 590 618 теңгені құрады. Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бала бір жарым жасқа дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда оның туған күнінен бастап ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі немесе одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға бөлек тағайындалады. 2025 жылдың 5 айында бұл төлем 109,7 мың адамға 183 млрд теңге, оның ішінде мамыр айында 36 млрд теңге сомасында 20,9 мың адамға төлем тағайындалды. 5 айдағы орташа айлық төлем 90 817 теңгені құрады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×