Now Reading
JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін кәсібіне айналдырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін кәсібіне айналдырды

JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін кәсібіне айналдырды

JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін кәсібіне айналдырды

Елордада JOLTAP жобасы жүзеге асырылуда, ол астаналықтарға жаңа мамандықтарды меңгеріп қана қоймай, табысын арттыруға, жаңа іс бастауға және табысты карьера құруға көмектеседі.

Жоба түлегі Мадина Ақжолтаева табысқа жету жолы туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Мадина Астанадағы Д.Қонаев атындағы колледжді «хатшы-референт» мамандығы бойынша бітірген, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Көп уақытын кассир болып жұмыс істеп өткізіпті. Тұрмыс құрғаннан кейін оның тігіншілікке деген қызығушылығы оянды. «Енем өзінің тігін машинасын сыйға тартты. Мен қарапайым заттар тігуден бастадым – жастық қабы, жастық, кішігірім көрпе. YouTube желісінен оқыту видеоларын қарадым», — деп еске алады Мадина.

Ауылдан Астанаға көшіп келгеннен кейін хоббиін кәсіпке айналдыру туралы шындап ойлай бастайды. 2025 жылдың басында әпкесі оған JOLTAP жобасы туралы түсіндірген. Ал өзі осыған дейін бухгалтерлік курсқа қатысып, Мадинаға да байқап көруді кеңес еткен. «Мен «тігінші» мамандығы бойынша курсқа жазылдым.

Оқыту 22 күнге созылды – бәрі өте түсінікті болды, ұстазымыз барлығын оңай тілмен түсіндірді. Осы жағдай менің мамандыққа деген қызығушылығымды арттыра түсті», — деп бөлісті жоба қатысушысы. Курсты аяқтаған соң жоба командасы Мадинаға жұмыс іздеу сайттарына тіркелуге көмектесіп, ұсынымдар берді. Нәтижесінде, бірер аптаның ішінде жұмысқа орналасып үлгерді.

Қазір астаналық әйел арнайы киім тігетін кәсіпорында тігінші болып жұмыс істейді. «Үшінші ай жұмыс істеп жүрмін – маған өте ұнайды! Осындай мүмкіндік үшін JOLTAP жобасына алғысым шексіз. Ол керемет база береді, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді, оқуға және өсуге жағдай жасайды. Бұл расында көптеген қазақстандық үшін үлкен мүмкіндік», – дейді Мадина.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×