Now Reading
Қазақстанда «Инклюзивті театр артисі» білім беру бағдарламасы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда «Инклюзивті театр артисі» білім беру бағдарламасы ашылды

Қазақстанда «Инклюзивті театр артисі» білім беру бағдарламасы ашылды

Ерекше мамандарды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті дайындайды.

Қазақстандық білім беру реестріне «Инклюзивті театр артисі» білім беру бағдарламасы енгізілді. Оған сәйкес, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде инклюзивті білім беру бағыты аясында дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің мәжіліс депутттарына берген жауабында айтылған.

«Бұл жүйе бойынша студенттер Астанадағы «Қанаттылар» театрында тәжірибеден өтеді. Университетте жеке кеңес беру, психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін онлайн оқыту форматы қарастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған жеңілдетілген бейімделген білім беру бағдарламалары әзірленуде. Бұдан бөлек ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтер жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді», – деді Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: Алматыда инклюзивті театр ұсынған «Машаның хаттары» көрмесінің тұсауы кесілді

Үкімет өкілінің мәліметінше, Қазақстанда инклюзивті саясаттың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, мәдениет, спорт және туризм саласында инклюзивті мәдениетті ынталандыруға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар қарастырылған.
Айта кетейік, Астананың «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Қанаттылар» инклюзивті бөліміне 2024 жылы «Қанаттылар» инклюзивті театры» атауы берілді. Биылдан бастап штат саны 25-тен 45 бірлікке ұлғайтылды. Қазіргі таңда Астана әкімдігі «Қанаттылар» театрын жеке ғимаратқа орналастыру мәселесін қарастырып жатыр.

 

 

 

Источник:  www.Informburo.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×