Ақмола облысында әлеуметтік қызметкер зейнеткерге қатысты ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында әйел қарияның үйінен 200 доллар ұрлап кеткен. Оқиға шілде айында Аршалы ауданында болған.

Ақмола облысында әйел қарияның үйінен 200 доллар ұрлап кеткен. Оқиға шілде айында Аршалы ауданында болған.
Полицияға 1953 жылы туған жергілікті тұрғын хабарласып, жеке жинағынан 200 доллар жоғалғаны туралы арызданған. Зейнеткердің айтуынша, ол ақшаны үйінде еркін қол жететін жерде ұстаған. Тергеу барысында оған үй шаруасына көмектескен әлеуметтік қызметкер – әйелден басқа бейтаныс адам келмегені анықталды. Полицейлер тез арада күдіктіні 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Әйел ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары азаматтарды, әсіресе, үйлеріне бейтаныс адамдарды кіргізген кезде абай болуға, жеке заттары мен ақшасының сақталуын қамтамасыз етуге шақырады.
0