
Биылғы жылы 3,4 миллион бала жазғы демалыспен қамтылд. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлім етті.
10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер мен балаларға арналған 220 ауылдық орталықтар бар.
– Өңірлерді аралағанда осы лагерьлерді арнайы аралап, балалардың демалу жағдайларын, тамақтарының қауіпсіздігін тексеремін. Биыл бес сауықтыру орталығы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 27 орталық іске қосылады. Аталған қызметтердің сапасын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап бұл қызмет түрі лицензияланатын болады, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Бұған дейін Қазақстанда балалар лагерлері қалай тексерілетіні туралы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, олар Қазақстандағы балалар лагерлеріне түнгі тәрбиешілер лауазымын енгізуді жоспарлап отыр.