Now Reading
Қазақстанда балаларға 300 күрделі ота тегін жасалады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда балаларға 300 күрделі ота тегін жасалады

Қазақстанда балаларға 300 күрделі ота тегін жасалады

Қазақстанда «BI-Жұлдызай» қорының әлеуметтік бастамасы жалғасып келеді. Соның арқасында ауыр диагноз қойылған жүздеген бала толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алуда. Жоба аясында барлығы 300 тегін ота жасау жоспарланған.

Аружан оқиғасы: азаптан алғашқы қадамдарға дейін

BI Group бас директоры Айдын Рахымбаев Аружан Аружан есімді қыздың жүрек тебірентерлік оқиғасымен бөлісті. Туылғаннан бері ол көлденең қалыпта ұйықтай алмай, тек жартылай отырып қана қозғала алатын. Оның отбасы көпбалалы, әкесі мектепте күзетші болып жұмыс істейді, ал анасының еңбек етуге мүмкіндігі жоқ. Қымбат отаға өз бетінше қаражат табу отбасы үшін мүмкін болмады.

«Біздің «BI Жұлдызай» қоры шетелден хирург шақырды, ол американдық әдіспен қыздың сүйегіне түйреуіш орнатты. Олар баламен бірге өседі. Қазір Аружан 10 жылдан бері алғаш рет жаяу жүріп, далада ойнайды және дәрігер болуды армандайды», — деді Рахымбаев.

Аружанның өзі ота өмірін өзгерткенін мойындайды.

«Бауырларым сияқты жүруді армандаймын. Басқа арманым жоқ. Олар маған көмектеседі, су, киім-кешек әкеліп береді. Мен оларды қатты жақсы көремін», — деп бөлісті ол.

Анасы Арайлым Жексенбайдың айтуынша, бұл отбасы ұзақ жылдар бойы қызын ойлап, уайымдап өмір сүрген.

«Қызым жылап, дәрігеріне неге жүре алмайтынын сұрауымды өтінетін. Ол тек отырып ұйықтайтын, аяғын тік ұстай алмады, жамбасы екі жаққа қисайған еді. Отадан кейін аяқтары түзу болды, ұзақ жылдардан кейін алғаш рет шалқасынан ұйықтады. Енді өзі жүріп, бауырларымен ойнайды. «Жұлдызай» қоры бізбен хабарласып, дәрігерді Астанаға шақырғанда, ота құны қанша болатынын да білмедік. Кейін бір штифттің құны шамамен төрт миллион теңге тұратынын, ал бізге екеуі қажет болғанын естідім. Әрине, бізде ондай қаражат болған жоқ», – деді ол.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген хирургтар қазақстандық балаларға көмек көрсетуде

Айдын Рахымбаевтың айтуынша, жоба аясында Қазақстанға Жапония, Қытай, Түркия, Израиль, Беларусь және Ресейден 28 хирург шақырылған. Олардың барлығы күрделі ота жасап қана қоймай, отандық дәрігерлермен тәжірибе бөліседі.

Барлығы: аяқ-қол ақауы бар балаларға 219 ота; жүрек пен қан тамырларына 37 ота; Аноректальды ақауы бар балаларға 44 ота.

Жуырда Ақтауда бастама бойынша 200-ші ота өтті.

«Иә, мұндай процедуралар бізге жүздеген миллион теңгені қажет етеді, бірақ әрбір баланың денсаулығы баға жетпес. 12 жыл бұрын біз компания қызметкерлерінің балаларына көмектесуден бастадық, ал қазір жыл сайын бүкіл ел бойынша жүздеген сәбиді аман алып қаламыз», — деп атап өтті Айдын Рахымбаев.

«Жұлдызай» жобасы: Медицинаға қосқан үлесі және ел болашағы

Сондай-ақ, ол бұл бағдарламаның тәжірибе алмасудың нағыз мектебіне айналғанын және бүкіл қазақстандық медицина үшін алға басқан қадам екенін баса айтты.

«BI Group-тың мерейтойлық жылында – бұл біз мәңгілікке өзгертетін 300 баланың тағдыры және жеңілдеп, бақытқа бөленген 300 отбасы. Бұл балалардың игілігі үшін жасалып жатқан іс. Өсіңдер, дендерің сау болсын, алаңсыз ойнап, күліңдер. Әр қадамдарың жеңіл, болашақтарың жарқын болсын», – деді Айдын Рахимбаев.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×