Now Reading
Астанада аутизм тақырыбына арналған спектакль қойылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада аутизм тақырыбына арналған спектакль қойылды

Астанада аутизм тақырыбына арналған спектакль қойылды

Ozge Epic креативті хабында «Құштар» спектаклінің премьерасы өтті. Бұл – Қазақстанда аутизм мәселесін қозғаған алғашқы театрлық қойылым.

Пьесаның авторы – Әлішер Рахат, ал қойылымның режиссері – Шырын Мұстафина. Спектакль қоғам назарын инклюзия мәселелеріне аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәдени және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуының маңызын көрсетуді мақсат етті.

Ozge Epic ұжымы мен Сенат жанындағы Сарапшылар клубының бірлескен жобасы көркем ой мен ғылыми көзқарасты ұштастырып, аутизм мәселесін жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Қойылымға төрт театрдың актерлері мен психологиядан бастап өнерге дейін әр түрлі саланың жиырмадан астам мамандары қатысып, спектакльдің мазмұнын ерекше терең етті.

Ozge Epic креативті хабының негізін қалаушы Макпал Жұмабай:

– Біз осы қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, айналамызда болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамауымыз керек. Өнер – өмірді бейнелеу ғана емес, күрделі тақырыптар туралы айтуға, түсіністік пен жанашырлық қалыптастыруға мүмкіндік беретін құрал. Сол себепті Ozge Epic командасы аутизм тақырыбын өнер арқылы жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге шешім қабылдады.

Қойылымның режиссері Шырын Мұстафина:

– Пьесаны сахналау – жай ғана сахнаға шығу емес. Оның мәнін түсінбей, тақырыпты терең зерттемей, шынайы көрсету мүмкін емес. Спектакльді дайындау сегіз айға созылды, оған шамамен жиырмаға жуық сарапшы қатысып, тақырыптың барлық қырын мұқият зерттеді. Маған бәрін өз көзіммен көру қажет болды. Бірнеше оңалту орталығына барып, аутизмі бар балаларды бақыладым, олардың ішкі әлемін түсінуге тырыстым. Бұл оңай емес, бірақ аса маңызды әрі үлкен эмоциялық күшті қажет ететін тәжірибе болды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×