Now Reading
Сенатта инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі талқыланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сенатта инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі талқыланды

Сенатта инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі талқыланды

Сенатта инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі талқыланды

 

Бүгін, 12 қараша күні, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңесші Ләззат Қалтаеваның төрағалығымен «Қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: әлеуметтік ұстанымдарды өзгерту, мүгедектігі бар адамның оң бейнесін қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық көзқарастарды өзгертудің маңызын және мәдениеттің құрмет, теңдік пен қабылдауды қалыптастыру құралы ретіндегі рөлін талқылады.

Баяндамашылар Қазақстан 2015 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенциясының ережелерін еске салды. Атап айтқанда, 8-бапта мемлекеттер қоғамның мүгедектік мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыруға, стереотиптермен күресуге және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне қосқан үлесін насихаттауға міндеттелетіні көрсетілген. 30-бап мәдени өмірге, шығармашылыққа, демалыс пен спортқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді, мәдени нысандардың, іс-шаралар мен өнер туындыларының қолжетімді болуын көздейді.

Кездесуде мәдениеттің мүгедектігі бар адамның қоғамдағы оң бейнесін қалыптастырудағы маңызды рөлі және инклюзия мен әлеуметтік әділдік құндылықтарын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

 

Отырыс қорытындысында БҰҰ-ның Мүгедектігі бар жандардың құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстанның Ұлттық баяндамасын қарау нәтижесінде берген ұсынымдары айтылды.

 

Ұсынымдардың бірі — мүгедектігі бар адамдардың өздері басқаратын, теріс стереотиптермен күресуге және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қадір-қасиеті туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған Ұлттық стратегия әзірлеу.

 

Комитет инклюзивті мәдениетті барлық деңгейде дамыту үшін мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, бизнес өкілдерінің, сот және медицина салаларының қатысуымен қоғамдық және білім беру бастамаларын кеңейтуді ұсынды.

 

 

 

 

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×