Now Reading
Астанада «Екі өмір» атты әлеуметтік драмасы ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада «Екі өмір» атты әлеуметтік драмасы ұсынылды

Астанада «Екі өмір» атты әлеуметтік драмасы ұсынылды

Астанада Жас көрермен музыкалық театрында «Екі өмір» әлеуметтік драмасының тұсаукесері өтті.

Қойылым қазіргі қоғамдағы ең ауыр мәселелердің бірі – нашақорлық пен оның отбасыларға тигізетін күйреткіш әсерін көтереді.

Қойылым қоғамдағы құрметті Жұмағұл Сәдуақасұлы отбасының қиын тағдыры туралы баяндайды. Сыртқы әл – ауқаттың артында терең жеке драма, ауырсыну және рухани күйзеліс бар. Басты кейіпкердің балалары өтетін жол көрерменді өзіне деген адалдық, жауапкершілік және өмірлік құндылықтарды таңдау туралы ойлауға мәжбүр етеді.

Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров: 

— Мұнда ата-ананың ең алдымен баласының мінез-құлқына мән беруі, олармен көбірек сөйлесуі керектігі айтылады. Жас актерлеріміз салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін, ұлы ойшыл Абайдың формуласы бойынша қоғамына, мемлекетіне лайықты азамат болу үшін пиғылы таза болуы керектігін жеткізеді.

Премьера «Астана – есірткісіз қала» жобасы және «Заң және тәртіп» бастамасы аясында өтті. Бұл – елордалық Мәдениет басқармасының жастарға дұрыс таңдау жасауға, зиянды әдеттерге «жоқ» деуге ықпал етуге бағытталған ауқымды жұмысының бір бөлігі.

Астана қаласының тұрғыны Інкәр Анарбай:

— Бір қойылымның өзінде қаншама мағына бар… Бұл – дұрыс таңдау жасау қабілеті, адами қарым-қатынастың маңызы және заманауи әлемнің түрлі азғыруларына бейім болу. Сонымен қатар кәсіби актерлік ойыннан да ләззат алдық. Автор Мұрат Қолғанатқа құрмет білдіру керек.

Бүгінде елде нашақорлардың көбеюі назарға ілініп отырған шақта бұл тақырып ерекше өзекті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай күресте мемлекеттік шаралармен бірге әр адамның жеке жауапкершілігі де шешуші рөл атқарады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×