Now Reading
Ләззат Жүсіпова паракаратэ бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ләззат Жүсіпова паракаратэ бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ләззат Жүсіпова паракаратэ бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ләззат Жүсіпова паракаратэ бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

 

Мысырдың астанасы Каирде паракаратэ (WKF) бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Астанадан барған спортшы ел намысын қорғап, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Биылғы жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 110 спортшы қатысты.

 

К10 санатында сынға түскен астаналық спортшы Ләззат Жүсіпова WKF нұсқасы бойынша алғаш рет жарысып, қола медаль иеленді. Бұл — оның халықаралық аренадағы ең маңызды жетістіктерінің бірі.

 

«Каирде WKF-тің 27-ші әлем чемпионаты өтті. Қатардағы спортшылармен бірге бұл додаға мүмкіндігі шектеулі спортшылар да қатысты. Тарихта алғаш рет паракаратэ ката түрі бойынша қола медаль жеңіп алдық. Жалпы, бұл ең күрделі жарыстардың бірі. Оған әлемнің ең мықты спортшылары қатысады. Бірақ биыл тарихи сәт болды — біз жеңісті жұлып алып, WKF әлем чемпионатының қола жүлдегері атандық.

 

Аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуеваға, сондай-ақ жаттықтырушы Тойжан Алшиновқа шынайы алғысымды білдіремін. Сапар барысында қолдау көрсеткен, бағыт-бағдар берген барлық жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Қарсы алғандардың бәріне алғыс. Біз елімізге жеңіспен оралдық!», — деді ол.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×