Now Reading
Астанада 100-ден астам зейнеткер волонтерлікпен айналысады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада 100-ден астам зейнеткер волонтерлікпен айналысады

Астанада 100-ден астам зейнеткер волонтерлікпен айналысады

Астаналық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Күміс еріктілер» клубында жасы 61-ден 75 жасқа дейін өзгеретін 100-ден астам зейнеткер тіркелген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әже-ата еріктілер Астанада өтетін қайырымдылық акцияларына, экологиялық сенбіліктерге белсенді қатысады, тегін шеберлік сабақтарын өткізеді, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы аясында қаланың мектептерімен және студент жастарымен жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, орталықтың күміс еріктілері «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен жасалған меморандум аясында көптеген игі іс-шаралар өткізді.

Қалада зейнеткер-еріктілер жиі қайырымдылық шараларына жұмылдырылады. Мысалы, Нұра ауданының «Күміс еріктілер» клубының мүшелері «Шарапат» қарттар үйінде концерттер ұйымдастырды, «Жансая», «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қайырымдылық акциялар өткізді. Бос уақытында клубтың әжелері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған киімдер тоқиды, қолдан жасалған сыйлықтар дайындайды.

Қараша айында Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы арт-терапия үйірмесіне қатысатын әже-еріктілер Дүниежүзілік шала туған балалар күніне арналған жыл сайынғы игі дәстүр бойынша «Ана мен бала» орталығына барып, табиғи жүннен өз қолымен тоқыған киімдерді табыс етті.

«Биылғы қайырымдылық шарасына біздің зейнеткерлер ерекше дайындалды: екі ай бойы жиналып, табиғи жүннен балаларға арналған бұйымдар тоқыды – шұлық, бас киім, етіктер мен шағын көрпелер тоқыды. Барлық бұйымдар қолдан жасалған, әрқайсысы жүрек жылуы мен шексіз мейірімге толы. Елде еріктілер 14 бағыт бойынша жұмыс істейді, ал біздің зейнеткерлер қоғам игілігі үшін 3–4 негізгі бағытта ерікті түрде, тегін қызмет етеді. 2026 жылдың Халықаралық еріктілер жылы болып жариялануына байланысты біз арнайы жоспар құрдық. Осыған орай әлеуметтік қорғау саласындағы салалық еріктілікті дамытуға әдістемелік көмек көрсету бойынша арнайы тренинг өткіздік», – деді Перспективалық даму және әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Қымбат Тасымова.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Дүниежүзілік еріктілер күніне орай 30-ға жуық зейнеткер-ерікті марапатқа ұсынылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×