Астананың паратеннисшілері әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғады


Түркияның Ялова қаласында ITTF World Para Future Santiago халықаралық пара үстел теннисі турнирі өтті. Астана әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, бұл ауқымды жарысқа 22 елден 125 спортшы қатысты.
Бұл турнирде Астананы үш спортшы қорғады: Александра Степанова (4-сынып), Гүлмира Қайдасова (7-сынып) және Балзия Таш (8-сынып).
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Балзия Таш жекелей сында күміс медаль жеңіп алды, ал Гүлмира Кайдасова ресейлік серіктесімен бірге аралас жұптық сында (XD14) қола медаль жеңіп алды.
0