
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астананың арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетуді жақсартуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Астана әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеу барысында туындайтын мәселелерге және оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, қызметтерді біріктірілген форматта көрсету туралы келісімге қол жеткізілді. Арнайы мамандарды қосу арқылы ҮЕҰ штаттық санын кеңейтуді көздейтін нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалды.
Министрлік тараптардың өзара жауапкершілігін атап өтті: мемлекет ҮЕҰ-ға қаржылық және әкімшілік мәселелер бойынша қолдау көрсетіп отыр, ал тиісті департаменттер қызмет көрсету сапасын, лицензиялау талаптарының сақталуын және нақты көмек көрсетуді бақылауды күшейтеді.