Now Reading
Еңбек Министрлігі жұмыс табу қиынға соғатын қазақстандықтарға көмекті күшейтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Еңбек Министрлігі жұмыс табу қиынға соғатын қазақстандықтарға көмекті күшейтеді

Еңбек Министрлігі жұмыс табу қиынға соғатын қазақстандықтарға көмекті күшейтеді

Нысаналы топқа 93,5 мың адам енгізілді.

Жұмыс табу қиынға соғатын қазақстандықтарға атаулы қолдау күшейтіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы мақсатта өңірлерде мансап орталықтарының жұмысы қайта ұйымдастырылуда. Жаңа алгоритм бойынша негізгі бағыт басым топқа – өз бетінше жұмысқа орналасу қиынға соғатын жұмыс іздеушілерге бағытталады.

«Еңбек министрлігі жаңа цифрлық құралдарды енгізді. Енді мансап орталықтары басым топтағы барлық жұмыс іздеушілерді арнайы ақпараттық панель арқылы нақты уақыт режимінде жеке-жеке көре алады. Жүйе күн сайынғы динамиканы бақылауға және әр адамға қандай нақты қолдау шаралары ұсынылғанын тексеруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Еңбек нарығын талдау нәтижесінде жалпы ағыннан 93,5 мың адамнан тұратын нысаналы топ айқындалды. 

Олардың қатарына:

– әлеуметтік әл-ауқаты төмен азаматтар;

– жұмыс тәжірибесі жоқ адамдар;

– еңбек өтілінде алты айдан астам үзілісі бар азаматтар;

– тек мектеп білімі бар үміткерлер;

– техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс іздеушілер кірді.

Дәл осы басым топ үшін жеке сүйемелдеу жүйесі құрылады. Сондықтан қолдауды ең осал топтарға шоғырландыру мақсатында жоғары білімі бар және жақында жұмыс тәжірибесі болған азаматтар тізімнен шығарылды.

Мониторинг деректеріне сәйкес, нысаналы топтағы 39,8 мың адам ғана жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Министр өңірлік мансап орталықтарына әрбір жұмыссызбен жеке жұмысты күшейтіп, оны жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеуді тапсырды.

Сонымен қатар алдағы 7–10 жылда Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы туындауы мүмкін. Елдегі мамандардың негізгі бөлігін 40–59 жас аралығындағы азаматтар құрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×