Now Reading
Елдегі қарттар үйлерінің кемінде жартысында орталық жылу жүйесі жоқ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елдегі қарттар үйлерінің кемінде жартысында орталық жылу жүйесі жоқ

Елдегі қарттар үйлерінің кемінде жартысында орталық жылу жүйесі жоқ

Елдегі қарттар үйлерінің шамамен жартысында орталық жылыту жүйесі жоқ. Кейбірінде тіпті су құбыры да тартылмаған. Салалық министрлікте бірқатар пансионаттардың тозығы жеткенін де ашық айтып отыр.

Мұндай тірлік Хамила Балғазина үшін өзін үй иесіндей сезінудің бір мүмкіндігі. Ас үй, әрине, ортақ әрі туған шаңырағында емес, қарттар үйінде орналасқан. Зейнеткер мұнда шамамен бір жыл бұрын келген. Алдымен жұбайы, кейін жалғыз ұлы қайтыс болған. Содан кейін ол әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшуді ұйғарған. Туған Ақтөбедегі пансионат көңілінен шықпаған соң, елордаға келген.

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Хамила Балғазина:

– Әрине, алғашында түсініксіз бір сезім болды: ол жақ қалай екен, не күтіп тұр екен деп ойлайсың ғой. Біз екі адамнан тұрамыз. Өзіміздің жуынатын бөлмеміз бар, онда тұтқалар, орындықтар, мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы орындықтар қойылған. Ыстық су бар. Дәретхана бөлек. Әркімнің өз шкафы бар. Әрине, бұрынғыдай өз үйің, отбасың болғанын қалайсың. Бірақ осында келгеніме ризамын. Мұнда ұжыммен бір жақындық сезіледі: мейірбике болсын, санитар болсын, ас таратушы немесе аспаз болсын. Өзімді қоғамның ішінде, қамқорлық пен көңіл бөлінген ортада сезінемін. Төсек-орын жуылады, ауыстырылады, тамақ үнемі дайындалады: бірінші, екінші, үшінші тағамдар. Дәмді. Әрине, сағыныш бар, өткен күндер еске түседі.

Елордадағы «Шарапат» орталығында 336 адам қызмет алады. Олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Туыстары шетелде, бас бостандығынан айыру орындарында немесе психоневрологиялық диспансерде болған жағдайда ғана мұнда тегін тұруға болады. Ал Қазақстанда балалары бар азаматтар мемлекеттік мекемеде тұру үшін ақы төлейді. Жыл сайын екі санаттағы адамдар саны да артып келеді. Мұны орталық статистикасы көрсетеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Хамила Балғазина:

– Мен ешкімге ренжімеймін. Бұл – өмір. Бұрын қазақтарда ата-ананы қарттар үйіне тапсыру адамгершілікке жат нәрсе саналатын, балалар ешқашан ата-анасын жалғыз қалдырмайтын. Бірақ заман өзгерді. Олардың өмірі басқа: күнделікті қарбалас, жұмыс, бала-шаға, несие. Мен де ешқашан осындай жағдайға тап боламын деп ойламадым. Қазір белгілі бір деңгейде көңілім тоқ. Өзімді толық бақыттымын деп айта алмаймын. Бірақ алыста болса да туыстарым бар екеніне қуанамын. Хабарласып тұрады, қоңырау шалады, Құдай қаласа, келіп тұрады.

Қазір елде 45 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Алайда олардың кейбіріндегі жағдай нашар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орталық жылыту жүйесі орталықтардың жартысынан азында ғана бар. Бөлмелердің тек 39 пайызы санитарлық тораппен жабдықталған. Яғни көптеген пансионатта дәретхана мен жуынатын бөлме ортақ, бір қабатқа ғана арналған. Ал бір мекемеде мүлде су құбыры жоқ. Елордадағы қарттар үйінде мұндай мәселе болмағанымен, жөндеу қажет.

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ардақ Сейітова:

– Мұнда 2007 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Қазір асфальт шөгіп жатыр, бұл арбадағы адамдардың серуендеуіне қолайсыздық туғызады. Күрделі жөндеу жоспарланып отыр, техникалық тексеру жүргізілді, енді жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Әрине, көп нәрсені өзгерткіміз келеді. Мысалы, қазіргі заманғы ғимараттарда көру қабілеті төмен адамдарға арналған жаңа лифтілер бар. Асханалар да бүгінгі заманға сай жаңарған, ал бізде бұрынғыша 250 орындық ортақ асхана жұмыс істейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы Асем Ещанова:

– Бұл ұйымдардың инфрақұрылымдық жағдайы өңірлерге қарай әртүрлі. Кейбір мекемелер заманауи талаптарға сай келеді, алайда бірқатар нысанда ғимараттардың тозуы байқалады. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кезең-кезеңімен жаңғырту шаралары іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық ұйым лицензиялау рәсімінен өтуге міндетті.

Қарттар пансионатындағы тағы бір мәселе – кадр тапшылығы. Ел бойынша шамамен 300 бос жұмыс орны бар. Әсіресе әлеуметтік қызметкерлер, санитарлар мен жүргізушілер жетіспейді. «Шарапат» орталығына қазір шамамен 30 қызметкер қажет. Алайда жалақының төмендігіне байланысты бұл сала жастар үшін тартымсыз болып отыр. Бейінді ведомство әзірге бұл мәселені шеше алмай келеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×