Now Reading
Алматыда автобус жүргізушісі мүгедектігі бар жолаушыға көмектесуден бас тартты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда автобус жүргізушісі мүгедектігі бар жолаушыға көмектесуден бас тартты

Алматыда автобус жүргізушісі мүгедектігі бар жолаушыға көмектесуден бас тартты

24 мамыр күні Алматы қаласында №67 автобус жүргізушісі мүгедектігі бар жандар арбасындағы жолаушы үшін пандусты шығарудан бас тартқан.

 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі Threads парақшасында алматылық мүгедектігі бар азаматтың әпкесі жазды. Оның айтуынша, бауыры I топтағы мүгедектігі бар азамат.

Қыз жүргізушіден пандусты шығаруды сұрағанда, ол бас тартқан.

 

«Неге мен? Басқа біреуді сұраңыз», – деп жүргізуші жауап берді.

 

Автор автобустар пандуспен жабдықталған болса, онда неге жүргізушілер мүгедектігі бар адамдарға көмектесуден бас тартады деп қынжылады.

 

«Біздің жолдар мен инфрақұрылым онсыз да мұндай адамдарға толық бейімделмеген. Оның үстіне, көмектесетін жан табылмайды. Осындай немқұрайлылықпен бетпе-бет келу өте ауыр», – деді ол.

 

Пікір қалдырушылар жарияланым авторына eOtinish сервисі арқылы шағым түсіруге кеңес берген.

 

«Жүргізушілер автобус­тан түсіп, пандусты ашуға міндетті. Автобус парктері осы автобустарды сатып алғандарын мақтанышпен көрсеткен видеоларды көргенмін», – деп өзге қолданушылар қолдау білдірді.

 

Бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікке қатысты апта сайын шамамен 800 шағым тіркелетіні белгілі болған еді. Қала тұрғындары көбіне автобустарды ұзақ күтуге, салондардың жағдайына, жұмыс істемейтін кондиционерлерге және жүргізушілердің әрекетіне наразы.

 

20 мамыр күні қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Ержан Диханбаев билік тарапынан келіп түскен шағымдарды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын толықтай айтып берген.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×