Қазақстанда биыл жазда мектеп жанындағы демалыс орталықтары мен лагерьлерді қоса алғанда 11 мыңнан астам балалар демалыс орны ашылады.
Жазғы демалыс кезінде ұйымдастырылған бос уақыт шараларымен 3 миллионнан астам жасөспірімді қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан оқушылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін демалыс тегін ұйымдастырылады.
Республикалық Балдаурен және Бөбек орталықтарына жолдамалар олимпиада және байқау жеңімпаздарына беріледі.
Өңірлерде мұндай қолдау шамамен 370 мың дарынды оқушыны қамтиды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық лагерьлерге полиция инспекторлары бекітіліп, қызметкерлердің ал қызметкерлер соттылығына тексерілді.