Now Reading
Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты басталды

Елордадағы «Даулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дүкетаев пен Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысты. Олар жарыста қатысушыларды құттықтап, жарысты сәтті өткізулеріне тілектестік білдірді.

«Арбадағы теннис – Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Жыл сайын осы спортпен айналысатын спортшылар саны артып, қатысушылар географиясы кеңеюде. Бүгінде қазақстандық теннисшілер халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Биыл арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасына енетін үздік спортшылар анықталады», – деді Болатбек Дүкетаев.

Чемпионатқа Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген 40-қа жуық спортшы қатысуда.

Жарыстар ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасында Open және Quad санаттары бойынша өтуде.

Астана қаласының намысын Дінмұхамед Әлияқпаров, Қайнар Нұрлыбек, София Степанова және Әлібек Әменов қорғайды.

Қазақстан чемпионаты 20 маусымға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылатын үздік спортшылар анықталады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×