Now Reading
Астана колледждерінде құжат қабылдау басталды: биыл 10 мыңнан астам грант бөлінді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана колледждерінде құжат қабылдау басталды: биыл 10 мыңнан астам грант бөлінді

Астана колледждерінде құжат қабылдау басталды: биыл 10 мыңнан астам грант бөлінді

Астана қаласының колледждерінде талапкерлерден құжат қабылдау науқаны басталды. Қазіргі уақытта елордада 32 колледж жұмыс істейді. Оның 9-ы – мемлекеттік, 23-і – жекеменшік оқу орындары. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мерзімде жүргізіледі.

25 маусым – 27 тамыз аралығында:

жұмысшы мамандықтарына;

25 маусым – 22 тамыз аралығында:

негізгі орта (9 сынып) және жалпы орта (11 сынып) білім беру базасында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанындағы орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына;

25 маусым – 20 шілде аралығында:

шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға;

25 маусым – 10 тамыз аралығында:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасындағы педагогикалық мамандықтарға;

25 маусым – 10 тамыз аралығында:

негізгі орта білім (9 сынып) базасындағы медициналық мамандықтарға;

25 маусым – 15 тамыз аралығында:

жалпы орта (11 сынып), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасындағы медициналық мамандықтарға;

25 маусым – 27 тамыз аралығында:

ақылы негіздегі күндізгі оқу нысанына;

25 маусым – 20 қыркүйек аралығында:

кешкі және сырттай оқу нысандарына.

Колледждерге құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады.

Колледжге түсу үшін талапкерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

оқуға қабылдау туралы өтініш;

білім туралы құжат;

3×4 көлеміндегі цифрлық фотосурет;

№075/у нысанындағы медициналық анықтама;

жеңілдік санатына жататын талапкерлер үшін мәртебесін растайтын құжаттар.

Жеке куәлікті ұсыну талап етілмейді. Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.

2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Астана қаласының колледждеріне барлығы 10 300 грант бөлінді.

Жұмысшы мамандықтарына 15 колледжде 3 224 орын қарастырылған. Оның ішінде 6 колледж – мемлекеттік, 9-ы – жекеменшік. 9 сынып базасында – 2 969 орын, 11 сынып базасында 255 орын бөлінген.

Нысаналы мемлекеттік тапсырыс аясында 6 колледжге 376 орын бөлінді. Бұл бағыт бойынша 47 кәсіпорын бекітілген. Сондай-ақ дуальды оқыту және кейін жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылған.

Инклюзивті білім беру бойынша 5 колледжге 93 орын бөлінді. Олар:

Құрылыс-техникалық колледжі;

Қоғамдық тамақтандыру колледжі;

Сервис және туризм колледжі;

Швейцария-Америка колледжі;

URBAN COLLEGE.

Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына 6 607 грант бөлінді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының ұлғаюы техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Биылғы қабылдау науқаны аясында талапкерлер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеріп, болашақ кәсібін игере алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×