31,6 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдарға бейімделді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан 2025–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
2026 жылдың соңына дейін елімізде әлеуметтік инфрақұрылымның 34 573 нысанын бейімдеу жоспарланған. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 31 673 нысан бейімделіп, бұл Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген нысандардың жалпы санының 73 пайызын құрайды.
Бейімделген нысандар қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласының нысандары бар. Бейімдеу барысында мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мекемелермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен өтініштерін ескере отырып, нысандарды заманауи қолжетімділік талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен бейімдеуде.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды одан әрі жалғастырып, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.