Now Reading
Павлодарда 193 отбасы баспаналы болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарда 193 отбасы баспаналы болды

Павлодарда 193 отбасы баспаналы болды

Павлодарда 193 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Достық шағын ауданында жаңа 12 қабатты тұрғын үй салынды. Жаңа қоныстанушылардың қатарында жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ардагерлер бар.

Жаңа қоныстанушыларды Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгін 193 отбасы үшін көптен күткен күн туды. Кейбірі баспанасын 18 жыл күтті. Сабырларыңыз бен төзімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді Асаин Байханов.

Өңір басшысы павлодарлықтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасатынын атап өтті. Бұл мүмкіндігінше көп отбасының өз пәтеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Тұрғындар қуаныштарын жасырмай, өз әсерлерімен бөлісті.

«Біздің отбасымыз үшін бұл – өз үйімізде тұрып, балаларымызға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін көптен күткен қуаныш. Мемлекеттік қолдауға аса мұқтаж отбасыларға көрсетіліп отырған көңілдеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді көпбалалы әке Жәнібек Қуаныш.

Тоғыз кіреберістен тұратын тұрғын үйде 638 пәтер бар. Оның ішінде 330-ы – бір бөлмелі, 242-сі – екі бөлмелі, 66-сы – үш бөлмелі пәтер. Үйдің жалпы аумағы 59 мың шаршы метрден асады.

Тұрғын үй Павлодардағы жаңа аудандардың бірі – Достық шағын ауданын кешенді дамыту жобасының бір бөлігіне айналды. Мұнда мектеп жұмыс істеп тұр, әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Алдағы уақытта балабақша, мұз сарайы, конгресс-холл және басқа да нысандар салу жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы шамамен 4,5 шақырым болатын жаңа трамвай желісінің құрылысы жүргізілуде. Оны 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімдікте.

Әкімдік мәліметінше, өңірде тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 166 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,6 пайызды құрады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×