Астана қаласындағы «Тарлан Арена» спорт кешенінде 26 қыркүйек күні сағат 10:00-де тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара хоккейден Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионаттың матчтары сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.
Турнирге Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарынан командалар қатысады.
Айта кетейік, пара хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты 27 қыркүйекке дейін жалғасады.