Астанада 562 кредиттік пәтер алу үшін өтінім қабылдау басталды

Астанада 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау 7 қазанда басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысан кодтары: 10336, 10338, 10339 және 10340.
Өтінімдер 7–19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Үміткерлерді іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Барлығы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:
• 1 бөлмелі — 166 пәтер;
• 2 бөлмелі — 276 пәтер;
• 3 бөлмелі — 80 пәтер;
• 4 бөлмелі — 40 пәтер.
Үйлер 5 қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрлеумен тапсырылады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны — 332 916 теңге.
Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі — 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі —5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна мөлшері — 10%-дан бастап.