Now Reading
Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек енгізілуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек енгізілуде

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек енгізілуде

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек енгізілуде


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саланы цифрландыру аясында мемлекеттік қызметтерді жетілдіруді жалғастыруда.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) офлайн өту кезінде электрондық кезек енгізілуде. Жаңа сервис қабылдауға алдын ала күн мен уақытты таңдап, кезекте күтпей-ақ өз сапарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Электрондық кезекті енгізу жобасы Ақмола облысында басталып, кейін бұл сервис Алматы қаласында да енгізілді.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша электрондық кезекті Ақмола облысында 2 580 адам, Алматы қаласында 3 030 адам пайдаланды.

Электрондық жазылу Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Процедура барынша жеңілдетілген және бірнеше қадамнан тұрады.

Әлеуметтік қызметтер порталына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан кейін азамат Жеке кабинеттен «Куәландыруға жазылу» қызметін, содан кейін өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдауы қажет.

Бұл ретте жүйе аумақтық қағидат бойынша тиісті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімін автоматты түрде анықтайды.

Жазылу сәтті рәсімделгеннен кейін азаматтың телефон нөміріне куәландырудың күні мен уақыты, МӘС бөлімінің мекенжайы және талон нөмірі көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Белгіленген қабылдауға үш күн қалғанда жүйе қосымша SMS-ескерту жолдайды.

Қажет болған жағдайда азамат Жеке кабинет арқылы жазылудан бас тарта алады немесе қабылдау уақытын ауыстыра алады.

Белгіленген уақытта азамат келмеген жағдайда бронь автоматты түрде жойылады. Бұл туралы да тиісті хабарлама жіберіледі.

Электрондық кезекті енгізу медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттыруға, күту уақытын қысқартуға және азаматтарды қабылдауды тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Жобаны екі өңірде іске асыру қорытындысы бойынша электрондық кезекті еліміздің барлық өңірлеріне одан әрі енгізу мәселесі қарастырылады.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×