Now Reading
БҚО-да тұрғын үй кезегінен шығаруды сот заңсыз деп таныды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > БҚО-да тұрғын үй кезегінен шығаруды сот заңсыз деп таныды

БҚО-да тұрғын үй кезегінен шығаруды сот заңсыз деп таныды

БҚО-да ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы тұрғын үй кезегінен шығару заңсыз деп танылды

Батыс Қазақстан облысында сот коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу тізімінен «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала» санаты бойынша шығаруды заңсыз деп таныды.

«Сот азаматша А.-ны есептен шығаруға заңда көзделген негіздердің болмағанын анықтады. Сонымен қатар талап қоюшы халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Осыған байланысты сот әкімшілік талап қоюды қанағаттандырып, азаматша А.-ны тұрғын үй кезегінен шығаруды заңсыз деп таныды», – делінген Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соттың мәліметінше, азаматша А. 2013 жылдан бері коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж адамдардың есебінде «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала» санаты бойынша тұрған. Алайда кейіннен белгісіз себептермен есептен шығарылған.

Есептен шығарумен келіспеген азаматша сотқа жүгініп, өзін тұрғын үй кезегінен шығаруды заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қою арызын берген.

Сот заңнамада белгіленген тәртіппен баспанаға мұқтаж деп танылып, тұрғын үй кезегіне қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспана алғанға дейін есептен шығарылмауға тиіс екенін атап өтті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×