Елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстанның пара жүзуден ұлттық құрамасы 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 2 минут 48,99 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Сиязбек Далиев жарысты.
Жарыс жеңімпазы Қытай құрамасы атанды. Қытайлық спортшылар 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен мәреге жетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Қола медальді 2 минут 54,64 секунд нәтижесін көрсеткен Таиланд құрамасы иеленді.
Осылайша, елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.