Қаржы жымқыру фактісі бойынша мемлекеттік мекеменің екі маманы мен «Қазпошта» қызметкері де сотталды.
Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры тұрғырдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын жымқырғаны үшін 2 миллион теңге айыппұл төлейді.
Қаражат ұрлығы бұған дейін 90 қамқорлыққа алынған қарттар үйінде әшкереленген болатын, оның 30-ы мүгедектігі бар жандар, 60-ы зейнеткерлер.
Мекеме директорына өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.
Қаражатты жымқыру ісі бойынша КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманы мен «Қазпошта» Абай филиалының қызметкері де сотталды. Оларға жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде пробациялық бақылау орнатылып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.