Соңғы бір жылда Қостанай облысында 500-ден астам арендалық және несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылдан бері жалға берілмеген нысандар бар. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен жиында көтерілді.
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының мәлімдеуінше, өткен жылы 23 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй және 15,1 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй пайдалануға берілген.
«Сонымен қатар, құрылыс сатысында жалпы ауданы 192,2 мың шаршы метр болатын 49 көпқабатты бюджеттік үй немесе 2 634 пәтер тұр. 2019-2021 жылдары іске асыруға басталған және бүгінгі күні аяқталмаған жобалар бар.
Құрылыс материалдары құнының күрт өсуіне байланысты жөндеу жұмыстары мен жұмыстарды аяқтау мерзімдерінің орындалмауы салдарынан тұрғын үйлерді салу мерзімдері бірнеше рет ауыстырылды», — деп түсіндірді Б.Таңжарықов.
Өткен жылы әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бюджеттен 13,5 млрд теңге бөлінді. Бөлім толық соманы игере алмай, нәтижесінде 5 млрд теңгенің игерілмеуі орын алды – бұл Қостанайда 30 үй және Рудныйда 6 тұрғын үй құрылысына несие.
«Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 416 жалдамалы пәтердің құрылысы мен реконструкциясына 2,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, ал несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы бөлу жоспарлануда – 5,1. млрд теңге», — деп аяқтады сөзін Б.Таңжарықов.