Now Reading
Павлодарда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды

Павлодарда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды

Павлодарда «Қамқорлық» аутизм спектрі бұзылған және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

 

Орталықтың ашылуына Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Жанагүл Ділжанова, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ және «Қамқорлық Қоры» ҚҚ қорларының өкілдері қатысты.

 

«Орталықта 125 бала оңалтудан өте алады. Мекемедегі заманауи құрал-жабдықтар аутизм спектрі бұзылған балаларға сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді», – дейді Жаңагүл Ділжанова.

 

Биыл Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында 8 күндізгі емдеу орталығын ашу жоспарлануда.

 

0
Tags :
No More Posts