Now Reading
Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады

Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады

Биыл Астанада мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды 113 көлік, оның 16-сы мамандандырылған көлік (инватакси) жүзеге асырады. Ай сайын мыңға жуық адамға оның ішінде 600-ден астам балаларға қызмет көрсетіледі.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсетуге мүгедектікті белгілеу кезеңіне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады.

Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарды (18 жастан асқан) тасымалдау бойынша қызметтерді келесі мекемелер жүзеге асырады:

— мүгедектігі бар адамдарға арналған арбада қозғалатын адамдар үшін – «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС. Ол Абылайхан, 43/1 мекенжайында орналасқан, диспетчер нөмірлері: 8-708-425-36-56, 25-36-56. Жеткізушінің 6 мамандандырылған көлігі бар, ай сайын 75-ке жуық адам осы мекеме қызметтерін пайдаланады;

— ДКК ұсыныстары бар, бірақ мүгедектігі бар адамдарға арналған арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар жандар үшін — «Астана қаласындағы мүгедектігі бар балалар қоғамы» ҚБ. Мекеме Сәтбаев 31 мекенжайы бойынша орналасқан, диспетчерлік нөмірлер: 8-702-893-80-53, 8-702-793-58-21. Жеткізушінің 16 автокөлігі және 1 мамандандырылған автокөлігі бар, ай сайын 150-ге жуық адам осы мекеме қызметтерін пайдаланады;

— көру қабілеті бұзылған адамдарға — «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ. Мекеме Момышұлы 17А, 55 кабинетте орналасқан, диспетчерлік нөмірлер: 87710460211, 49-76-91. Мекеменің 19 автокөлігі бар, ай сайын 130-ға жуық адамға қызмет көрсетіледі.

Астана қаласының мүгедектігі бар балаларын (18 жасқа дейінгі) тасымалдау бойынша қызметтерді келесі мекемелер жүзеге асырады:

— кресло-арбада жүретін мүгедектігі бар балалар үшін – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті» қоғамдық бірлестігі Ақшоқы 2, диспетчер нөмірлері: 792700, 87012122115, 87769984839. Сегіз мамандандырылған көлік айына 80-ге жуық адамға қызмет көрсетеді.

— мүгедектігі бар балалар үшін – «Астана қаласындағы мүгедектігі бар балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Мекенжайы Айтоған 18, диспетчер нөмірлері: 498617, 87021798001, 87011323099. Жеткізушінің 61 автокөлігі және 1 мамандандырылған автокөлігі бар, ай сайын 600-ге жуық адамға қызмет көрсетіледі.

Күнделікті инватакси қызметін пайдалану үшін жоспарланған сапар күнінен бір күн бұрын жоғарыда аталған ұйымдардың телефон нөмірлеріне өтініш беру қажет.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...