Жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2023 жылы әлеуметтік көмекке мұқтаж астаналық тұрғындарға автобустарда тегін жүруге арналған электронды жеке карточкалар берілмеді, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
«Бұл электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының қайта өткізілмеуіне байланысты болып отыр», — деп хабарлады прокуратура.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 2900-ден астам астаналық тұрғынға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен жеке карточкалар берілмеген.
«Кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — дейді Астана қаласының прокуратурасы.