Бүгінгі таңда 646 819 қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр.
Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы 10 жылда кезек алты есеге артқан.
«Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кезекте тұрған адамдардың қолданыстағы тізімдерін заң талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді, нәтижесінде мыналар анықталды: соңғы 5 жылда 96,1 мың кезекте тұрғандардың өз баспаналары болды, 533 кезекте тұрғандардың ҚР азаматтығы жоқ, 91,4 мың кезекте тұрғандардың тіркеу орны кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді, 29 мың адам тіркелмеген, 15,6 мың адам қайтыс болған», — деді ол.