Now Reading
Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылдың қаңтарынан бастап өседі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылдың қаңтарынан бастап өседі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылдың қаңтарынан бастап өседі

Үкімет ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеруді жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

⠀⠀«Үкімет ең төменгі жалақы деңгейін кезең-кезеңімен көтеруді жалғастырады. Азаматтардың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осылайша біз үш жылда ең төменгі жалақыны екі есеге арттырдық.

⠀Бұл шара 1 миллион 800 мыңға жуық азаматтың, оның ішінде 350 мың мемлекеттік қызметкердің әл-ауқатына оң әсер етеді. Жалпы еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет 2030 жылға дейін есептелген Кешенді жоспарды тезірек бекітуі қажет.

⠀Жаңа экономикалық саясаттың қағидаттары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, жоспарланған реформалардың сапалы әрі толық жүзеге асырылуы да аса маңызды. Ал бұл процесс мемлекеттік қызметшілердің құзыретіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты», — деді Тоқаев.

⠀Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...